Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаулық Полиоксидоний® Таблеткалар, 12 мг.

Тыныс алу жолдарының вирустық инфекциялары кезінде
12 мг таблеткаларды қабылдау кестесі

Аурудың кез келген кезеңінде ағзаның инфекцияға жауап беру тиімділігін арттырады
3 жастан 10 жасқа дейін
Емдеу үшін
Алдын алу үшін
таблетканың 1/2 бөлігін
тілдің астына күніне 2 рет
Курсы – 7 күн
таблетканың 1/2 бөлігін
тілдің астына күніне 1 рет
Курсы – 7 күн
Ересектерге және 10 жастан асқан балаларға
Емдеу үшін
Алдын алу үшін
1 таблетка
тілдің астына күніне 2 рет
Курсы – 7 күн
1 таблетка
тілдің астына күніне 1 рет
Курсы – 10 күн

Бұл препаратты қолдануды бастамас бұрын осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз, себебі онда Сіз үшін маңызды ақпараттар бар. Нұсқаулықты сақтап қойыңыз, ол тағы да керек болуы мүмкін. Егер Сізде сұрақтар туындаса, дәрігерге жүгініңіз.

Бұл дәрігердің рецептінсіз сатылатын дәрі. Оңтайлы нәтижеге қол жеткізу үшін оны нұсқаулықта көрсетілген барлық ұсыныстарды қатаң сақтай отырып қолдану керек. Сіз емделетін дәрі-дәрмек Сізге арнайы тағайындалған және оны басқаларға беруге болмайды, өйткені ол сіздегідей белгілері бар болған күнде де оларға зиян келтіруі мүмкін.

Сауда атауы
Полиоксидоний®

Халықаралық патенттелмеген атауы
Азоксимер бромиді

Дәрілік түрі, мөлшерлемесі
Таблеткалар, 12 мг

Фармакотерапевтік топ
Антинеопластикалы және иммуномодуляциялық препараттар. Иммуностимуляторлар. Басқа да иммуностимуляторлар.
Коды АТХ L03АХ

Ересектерде және 3 жастан асқан балаларда жедел және созылмалы респираторлық ауруларды емдеу және алдын алу үшін өршіген және ремиссия кезеңінде қолданылады.

Емдеу үшін (кешенді терапияда):

  • мұрын-жұтқыншақтың, мұрын жанындағы қуыстардың, жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының, ішкі және ортаңғы құлақтың созылмалы қайталанатын инфекциялық-қабыну ауруларының жедел және өршуі;
  • қайталанатын бактериялық, зеңдік және вирустық инфекциямен асқынған аллергиялық аурулар (соның ішінде поллиноз, бронх демікпесі).

Алдын алу үшін (монотерапия):

  • мұрын және ерін аймағының қайталанатын герпес инфекциясы;
  • ауыз-жұтқыншақ, мұрын маңы қуыстары, жоғарғы тыныс жолдары, ішкі және ортаңғы құлақ инфекцияларының созылмалы ошақтарының асқынуларының;
  • қартаю немесе қолайсыз факторлардың әсерінен болатын қайталанатын иммун тапшылығы жағдайлары.

Қарсы көрсетілімдер

  • белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
  • жүктілік, бала емізу кезеңі;
  • балалардың жасы 3 жасқа дейін;
  • жедел бүйрек жеткіліксіздігі;
  • сирек тұқым қуалайтын лактозаға төзбеушілік, лактаза тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы.

Сақтықпен

  • созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі (аптасына 2 реттен жиі емес қолданылады).

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Азоксимер бромиді Р-450 цитохромының CYP1A2, СУР2С9, СУР2С19, CYP2D6 изоферменттерін тежемейді, сондықтан препарат антибиотиктермен, вирусқа қарсы, зеңге қарсы және антигистаминдік препараттармен, глюкокортикостероидтармен және цитостатиктермен үйлесімді.

Арнайы ескертулер

Препаратты тек қана нұсқаулықта көрсетілген көрсеткіштерге, қолдану әдісіне және дозаларына сәйкес қолданыңыз.
Егер емдеуден кейін жағдай жақсармаса немесе симптомдар күшейсе немесе жаңа белгілер пайда болса, науқас дәрігермен кеңесуі керек.

Аллергиялық реакция дамыған жағдайда Полиоксидоний® препаратын қолдануды тоқтатып, дәрігерге қаралу керек.
Пациенттерге емдеуші дәрігермен кеңеспестен көрсетілген дозалар мен емдеу курсының ұзақтығынан аспаған абзал.
Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде препаратты сақтықпен қолдану керек (аптасына 2 реттен жиі емес тағайындайды).

Препаратты оның жарамсыздығының визуалды белгілері болған кезде қолдануға болмайды (қаптаманың ақаулығы, таблетка түсінің өзгеруі).

Полиоксидоний® таблеткаларының құрамында қосымша зат ретінде лактоза моногидраты бар, сондықтан оларды қабылдаудың сирек тұқым қуалайтын лактозаға төзбеушілік, лактаза тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы бар адамдарға қарсы көрсетілімі бар.

Педиатрияда қолданылуы

Полиоксидонийді® балаларға 3 жастан бастап қолдануға болады. 3 жасқа толмаған балаларға Полиоксидоний®, 12 мг, таблеткаларын қолдануға болмайды.

Жүктілік немесе бала емізу кезеңінде

Полиоксидоний® препаратын жүкті әйелдер мен бала емізу кезеңіндегі әйелдерге қолдануға болмайды (клиникалық қолдану тәжірибесі жоқ).

Полиоксидоний® препаратын қолданар алдында, егер пациент әйел жүкті болса немесе жүкті болуы мүмкін деп болжанса немесе жүктілікті жоспарлап отырса, дәрігермен кеңесу қажет.

Дәрілік препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.
Полиоксидоний® препаратын қолдану зейіннің жоғары шоғырлануын және психомоторлық реакциялардың жылдамдығын (соның ішінде көлік құралдарын басқару, қозғалатын механизмдермен жұмыс істеу) талап ететін әлеуетті қауіпті қызмет түрлерін орындау қабілетіне әсер етпейді.

Мөлшерлеу режимі

Қажет болса, 3-4 айдан кейін терапияның қайталама курстарын жүргізуге болады. Препаратты қайталап тағайындаған кезде оның тиімділігі төмендемейді.

Ұсынылатын емдеу режимдері / Тілдің астына

Ересектерге емделу үшін:

  • тұмау және жіті респираторлық инфекциялар – 7 күн бойы күніне 2 рет 1 таблеткадан;
  • ауыз–жұтқыншақтың қабыну процестері - 1 таблеткадан күніне 2 рет 10 күн бойы;
  • жоғарғы тыныс алу жолдарының, мұрын маңы қосалқы қуыстарының, созылмалы отиттердің созылмалы ауруларының асқынулары – 1 таблеткадан күніне 2 рет 10 күн бойы;
  • қайталанатын бактериялық, зеңдік және вирустық инфекциямен асқынған аллергиялық аурулар (оның ішінде поллиноз, бронх демікпесі) – 10 күн бойы күніне 2 рет 1 таблеткадан.

3 жастан 10 жасқа дейінгі балаларды емдеуге арналған:

  • тұмау және жіті респираторлық инфекциялар – ½ таблеткадан күніне 2 рет 7 күн бойы;
  • ауыз–жұтқыншақтың қабыну процестері - ½ таблеткадан күніне 2 рет 7 күн бойы;
  • қайталанатын бактериялық, зеңдік және вирустық инфекциямен асқынған аллергиялық аурулар (оның ішінде поллиноз, бронх демікпесі) – ½ таблеткадан күніне 2 рет 7 күн бойы.

10 жастан асқан балаларды емдеу үшін:

  • тұмау және жіті респираторлық инфекциялар – 7 күн бойы күніне 2 рет 1 таблеткадан;
  • ауыз–жұтқыншақтың қабыну процестері - 1 таблеткадан күніне 2 рет 7 күн бойы;
  • жоғарғы тыныс алу жолдарының, мұрын маңы қосалқы қуыстарының, созылмалы отиттердің созылмалы ауруларының асқынулары – 1 таблеткадан күніне 2 рет 7 күн бойы;
  • қайталанатын бактериялық, зеңдік және вирустық инфекциямен асқынған аллергиялық аурулар (оның ішінде поллиноз, бронх демікпесі) – 7 күн бойы күніне 2 рет 1 таблеткадан.

Алдын алу үшін ересектерге:

  • тұмау және эпидемияға дейінгі кезеңдегі жіті респираторлық инфекциялар – 10 күн бойы күніне 1 таблеткадан;
  • мұрын және ерін аймағының қайталанатын герпетикалық инфекциясы – 1 таблеткадан күніне 2 рет 10 күн бойы;
  • ауыз–жұтқыншақ, мұрын маңы қуыстары, жоғарғы тыныс жолдары, ішкі және ортаңғы құлақ инфекцияларының созылмалы ошақтарының өршуі - 10 күн бойы күніне бір рет 1 таблеткадан;
  • қартаю немесе қолайсыз факторлардың әсерінен болатын қайталама иммун тапшылығы – 1 таблеткадан күніне 1 рет 10 күн бойы.

Алдын алу үшін 3 жастан 10 жасқа дейінгі балаларға:

  • тұмау және эпидемияға дейінгі кезеңдегі жіті респираторлық инфекциялар – 7 күн бойы күніне ½ таблеткадан;
  • мұрын және ерін аймағының қайталанатын герпес инфекциясы – ½ таблеткадан күніне 2 рет 7 күн бойы;
  • ауыз–жұтқыншақ, мұрын маңы қуыстары, жоғарғы тыныс жолдары, ішкі және ортаңғы құлақ инфекцияларының созылмалы ошақтарының өршуі - ½ таблеткадан күніне бір рет 10 күн бойы.

Алдын алу үшін 10 жастан асқан балаларға:

  • тұмау және эпидемияға дейінгі кезеңдегі жіті респираторлық инфекциялар – 7 күн бойы күніне 1 таблеткадан;
  • мұрын және ерін аймағының қайталанатын герпетикалық инфекциясы – 1 таблеткадан күніне 2 рет 7 күн бойы;
  • ауыз–жұтқыншақ, мұрын маңы қуыстары, жоғарғы тыныс жолдары, ішкі және ортаңғы құлақ инфекцияларының созылмалы ошақтарының өршуі - 10 күн бойы күніне бір рет 1 таблеткадан;

Ұсынылатын емдеу режимдері / Ауыз арқылы

Ересектерге емделу үшін:

  • жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының аурулары – 10 күн бойы күніне 2 рет 1 таблеткадан.
  • 10 жастан асқан балаларды емдеу үшін:
  • жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының аурулары – 10 күн бойы күніне 2 рет 1 таблеткадан.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Полиоксидоний®, таблеткалар, 12 мг жедел бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде қолдануға қарсы көрсетілімі бар. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі кезінде аптасына ең көбі 2 рет қолданады.

Енгізу әдісі және жолы

Ауыз арқылы және тілдің астына тамақтанудан 20-30 минут бұрын.

Артық дозаланған жағдайда қабылдау қажет шаралар

Артық дозалану жағдайлары тіркелген жоқ. Дозаны байқаусызда ұсынылған мөлшерден артық қабылдаған жағдайда дәрігермен кеңесу керек.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған жағдайда қажетті шаралар

Препараттың кезекті дозасын енгізуді өткізіп алған жағдайда, оны кейіннен қолдануды осы нұсқаулықта көрсетілгендей немесе дәрігер ұсынғандай, әдеттегі режимде жүргізген жөн. Пациент өткізіп алған дозалардың орнын толтыру мақсатында екі еселенген дозаны енгізбеуі тиіс.

Доғару симптомдары қатерінің болуын көрсету

Қажет болған жағдайда Полиоксидоний препаратын қабылдауды тоқтату® тоқтатуды дозаны біртіндеп төмендетпей, дереу жүзеге асыруға болады.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар.
Емдеуді бастамас бұрын дәрігермен кеңесіп, барлық қабылданатын дәрілік препараттар туралы дәрігерге хабарлау ұсынылады. Оңтайлы нәтижеге қол жеткізу үшін нұсқаулықта көрсетілген және дәрігер берген барлық ұсыныстарды қатаң сақтау керек.

Дәрілік заттарды стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қолданылатын шаралар

Жағымсыз әсерлері тіркелген жоқ.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған жағдайда медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық дерекқорға тікелей жүгіну қажет

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сараптау жөніндегі ұлттық орталық» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz.

Дәрілік препараттың құрамы

Бір таблетканың құрамында белсенді зат – азоксимер бромиді 12 мг, қосымша заттар: маннитол, повидон, лактоза моногидраты, картоп крахмалы, стеарин қышқылы бар.

Сыртқы түр-сипатының, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Дөңгелек жалпақ цилиндрлік таблеткалар ақ немесе сарғыш реңктері бар ақ түсті, бір жағында фаскасы бар, ал екінші жағында «ПО» деп бедерленген.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және лакталған баспа алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

Бір немесе екі пішінді ұяшықты қаптамалар медицинада қолданылуы жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі біткенде қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25 °С аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз!

Дәріханалардан босату шарттары

Рецептісіз.

"НПО Петровакс Фарм" ЖШҚ, Ресей
Заңды мекен-жайы: Ресей, 142143, Мәскеу облысы, Подольск қаласы, Покров селосы, Сосновая көшесі, 1-үй
Тел./факс: +7 (495) 926-21-07
Электрондық поштаның мекенжайы: info@petrovax.ru

Тіркеу куәлігінің иегері

"НПО Петровакс Фарм" ЖШҚ, Ресей
Заңды мекен-жайы: Ресей, 142143, Мәскеу облысы, Подольск қаласы, Покров селосы, Сосновая көшесі, 1-үй
Тел./факс: +7 (495) 926-21-07
Электрондық поштаның мекенжайы: info@petrovax.ru

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта)

«LEKARSTVENNAYA BEZOPASNOST (Дәрі-дәрмектік қауіпсіздік)» ЖШС
050047, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Саялы шағынауданы, 16-үй, 8-пәтер
Тел.: +7 777 064 27 02, +7 499 504-15-19
Электрондық поштаның мекенжайы: adversereaction@drugsafety.ru

103.kz
Kaspi
Садыхан
Europharma
Басқаша шығарылатын түрлері
Рецептісіз
Суппозиторийлер 12 мг
Ересектерге
Рецептісіз
Суппозиторийлер 6 мг
Балаларға 6 жастан бастап
pill_question
Препаратты қабылдау аясында жағымсыз құбылыстар немесе оның сапасына қатысты шағымдар туындаған жағдайда компанияға хабарлауды өтінеміз.
"ПВ Фарм Евразия" ЖШС
050000, Қазақстан, Алматы қаласы, Мәметова көшесі, 54 БО “Fifty Four”, 408-кеңсе